ИСЛАМ - АҚИҚАТ✔ 💖Жұмақты аңсайсың ба? 💖Жәннатқа қол жеткізгің келе ме? Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірқатар сауапты амалдарды орындаған кісіге Жәннатты уәде еткен болатын. Ендеше сауаптан сен де қапы қалма. Жәннат бағын бұйыртатын мына бір амалдарды жадыңа берік түйіп ал да амал ет: 1.      Ақыретте Алланың құзырына мына фәниде Оған еш ортақ серік қоспастан келген адам – Жәннаттық. (Бұхари) 2.      Аллаға және және Оның Елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) шынайы иман келтіріп, намазын толық орындаған және Рамазанда отыз күн ораза тұтқан кісінің орны – Жәннат. (Бұхари) 3.      Бір Алланың разылығын іздеп, мешіт тұрғызған жанға Алла тағала Жәннаттан үлкендігі дәл сондай зәулім үй тұрғызады. (Бұхари) 4.      Екі намазды толық және уақытында орындаған кісі (таң және асыр намаздары) сөзсіз Жәннатқа кіреді. (Бұхари) 5.      Бұл екі намазды (таңғы және түстен кейінгі намаз (бесін) мешітте жамағатпен бірге оқыған мұсылманның барар жері – Жәннат. 6.      Екі жағының ортасындағы (тілі) мен екі бұтының арасындағысын (күнәдан) сақтаған кісіге мен Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Жәннатты уәде етемін. (Бұхари) 7.      Күндіз және түнгі мезгілде 12 ракағат (нәпіл, сүннет) намаз оқыған адамға Жәннаттан үй тұрғызылады. (Мүслим) 8.      Білім іздеп жолға шыққан кісінің Алла тағала Жәннатқа барар жолын жеңілдетеді. (Бұхари) 9.      Азан айтылған мезетте оны шын жүрегімен қайталаған кісі шүбәсіз Жәннатқа кіреді (Әбу Дәуіт). 10.  (Дәреті бұзылған бойда дереу) мұқият түрде дәрет алып, екі ракағат намаз оқыған (нәпіл) адамға Жәннат уәде етіледі. (Әбу Дәуіт). 11.  Кімде-кім «Аллаға Раббым ретінде және Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарым ретінде разымын» деген сөзді шын жүректен айтар болса, міндетті түрде Жәннатқа кіреді. (Әбу Дәуіт). 12.  Кімнің ақтық дем алдындағы соңғы сөзі «Лә иләһа илла Алла» болса, ол – Жәннаттық. (Әбу Дәуіт). 13.  «СубханаЛЛаһ әл-Азым уә бихамдиһи» (Барлық кемшілік атаулыдан пәк әрі ұлық Аллаға мақтау, мадақтар болсын) деп үнемі зікір айтқан адам үшін Жәннаттан құрма ағашы өсіріледі. (Тирмизи) 14.  Мына аталған үш заттан жүрегі таза болып жан тапсырған кісі – тәкаппарлық, өкпе-реніш және қарыз, жәннатқа кіреді. (Тирмизи) 15.  Кімде-кім екі қыз баланы (немесе әпке-қарындастарын) тәрбиелеп, өсірсе, онда ол екеуміз (Пайғамбар, (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Жәннатта боламыз. (Тирмизи) 12 жыл бойы азан шақырған кісіге жәннат уәде етілген. (Ибн Мәжа). Кімде-кім дұғасында Алладан Жәннатты нәсіп етуін үш мәрте сұраса, онда жәннаттың өзі: «Уа, Аллам, оны жәннатқа кіргізші», — деп тіл қатады. (Тирмизи). Алланың разылығы үшін науқас жанды зиярат еткен не болмаса өз ағасының қал-жағдайын сұрасып, бас сұққан адам үшін періштелер: «Сенің еткен бұл зияратың берекелі болсын әрі Алла саған жәннаттан сыйлы орын бұйыртсын», — деп сырттай дұға ететін болады. (Тирмизи). 19.  Расында, шыншылдық тақуалыққа жетелйді, ал тақуалық — Жәннатқа. (Бұхари) 20.  Алла жолындағы (соғыста немесе дінді насихаттаудың басқа да жолдарында) жанын салып, жігер танытқан және Алла сөзін ұлықтау үшін оған қатысқан адам жәннатқа кіреді. (Бұхари) 21.  «Уа, адамдар, араларыңда сәлемді таратыңдар, міскіндер мен ашқұрсақтарды тамақтандырыңдар, өзгелер ұйқыда жатқан кезде намаз оқыңдар – жәннатқа есендікте кіресіздер». (Тирмизи) 22.  Кажылықтың кемелдігі – екі қажылықтың ортасында жасалған барлық күнәлардың кешірілуінде, ал Алла қабыл еткен қажылықтың сыйы, әрине, жәннат болмақ. (Бұхари) 23.  «Мен Жәннаттан бір кісіні көрдім: ол мұсылмандарға кедергі келтірген жол бойындағы ағаш бұтағын (немесе ағашты) алып тастаған бір ғана әрекеті үшін ғана жәннаттың берекесімен қауыштырылған болатын» (Мүслім). 24.  Алланың тоқсан тоғыз есімі бар, жүзден бірі кем. Кімде-кім оның әрқайсысының мағынасын толық түсініп, оған сеніп және соған сай әрекет етсе, ол Жәннатқа кіргізіледі. (Бұхари) 25.  «Я, Аллам, сен менің Құдайымсың! Сенен өзгеге ғибадат етуге ешкімнің құқығы жоқ. Сен мені жараттың және мен Сенің құлыңмын. Мен Саған берген уәдемді сақтаймын (мына әлем жаратылмастан бұрынғы рухтардың берген уәдесі). Өзім жасаған зұлымдығымның кесірінен, Өзіне келіп сыйынамын. Өзім үшін ең қайырлысын сұраймын және өз күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешір, ақиқатында күнәларды кешу Сенен өзге ешкімнің қолынан келмейді». Егер кімде-кім осы дұғаны күндізгі уақытта оқып, бақилық болған болса, ол жәннат иелерінен болады. Түн ішінде дәл осы дұғаны оқып, жан тапсырар болса да, жәннат иелерінің қатарында болмақ. (Бұхари)

Теги других блогов: Ислам Намаз Жаннат Алла