ОЙЛАН ҚАЗАҚ!
Еділді келіп алғаны,
Етекке қолды салғаны.
Жайықты келіп алғаны,
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды келіп алғаны,
Ойындағысы болғаны. - Мұрат Мөңкеұлы (19- ғ.)
ҚЫТАЙДЫҢ СОҒЫСЫНАН ЕМЕС, САУДАСЫНАН ҚОРҚУ КЕРЕК! - Жұсіпбек Аймауытов (20- ғ.)
"Қаз Мұнайды" алғаны,
Қазбаңа қолды салғаны.
Қорғасты "қоршап" алғаны,
Қойныңа қолды салғаны.
Ақтөбеге кеп тұрғаны,
"Қақ төбеңнен" ұрғаны.
Ақтоғайды алғаны,
Тұрақтап сонда қалғаны.
51 завод бергені,
51000 қытай келгені.
Елу жылдан соң ең көбі,
Қытайлар болар Елдегі!
Қызыңды алар қатын қып,
Газыңды жағар отын ғып.
Жезіңді сатар пұл қылып,
Өзіңді алар құл қылып!
Алматыңа қаптауы,
Жеріңді жалдап таптауы.
Жастарды тегін оқытып,
Қытайшаға бабтауы.
Темір жол салып төтеден,
Европаға аттауы.
Миллиардтап беріп қарызды,
Арқаға қағып қулықпен ,
Бөспе билікті мақтауы -
Осының тұр артында,
Құрулы құрсау қақпаны!
Ойлан Қазақ! Мақтанба!
Ақылға кел сақтан да!
Түсіп қалып қақпанға,
САЛЫП ЖҮРМЕ АТТАНҒА!
АЙМҰХАНБЕТ (21- ғ.)